
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтата тұруға бұйрық берді. Бұл туралы америкалық БАҚ жазды.
Д.Трамп бұл шешімді Украина президенті В.Зеленскиймен кездесуден бірнеше күн өткенннен кейін қабылдады.
«Бұл көмектің берілуі толық тоқтатылды деген сөз емес, бұл – уақытша шара», – деп хабарлайды Fox News әкімшілік өкіліне сілтеме жасап.
Bloomberg пен Fox News жазуынша, тиісті шаралар Трамп Украина басшылығының бейбітшілікке деген ұмтылысына көз жеткізбейінше жалғасуы мүмкін.
Бұл шешім Украинаға жеткізілмеген барлық америкалық әскери жабдыққа, соның ішінде Польша арқылы транзитті күтіп тұрған қару-жараққа қатысты екенін хабарлады бұқаралық ақпарат құралдары.