АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді 2025 жылдың 20 қаңтарына жоспарланған инаугурацияға шақырмағанын айтты. Бұл туралы CNN хабарлайды.
Журналистердің сұрағына «Жоқ, мен шақырған жоқпын», деп қысқаша жауап берген Трамп егер Зеленскийдің өзі шараға қатысқысы келсе, оған қарсылық танытпайтынын да атап өтті.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуде аз болса да, ілгерілеушілікке қол жеткізе алғанын айтқан.
«Біз Израиль мен Таяу Шығыстағы кепілге алынғандарды қалпына келтіруге көмектесуде өте белсендіміз. Біз бұл үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ Украинадағы қорқынышты соғысты тоқтатуға тырысамыз», – деген-ді Д.Трамп.
Мұнымен қоса, Трамп: «Владимир Зеленский украиндық қақтығыстың аяқталуына дайындалуы керек», деп ескертті.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Алаш қозғалысы тарихына қатысты архив материалдары жинақ болып шықты
- 15 желтоқсан, 2024
Биыл 1,3 трлн теңгенің 180 инвестициялық жобасын енгізу жоспарланған
- 12 желтоқсан, 2024