Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Түркия экономикасы пандемиядан кейін енді өсті

Түркия экономикасы пандемиядан кейін енді өсті

Түркия экономикасы үшінші тоқсанда 2,1 пайыз өскен. Алайда, мамандар мұны соңғы төрт жылдағы ең төменгі көрсеткіш деп отыр. 

Түркияның ЖІӨ өсімі 2024 жылдың үшінші тоқсанында 2,4%-ға өскеннен кейін, іле-шала 2,1%-ға дейін баяулады, деп хабарлады елдің статистикалық институты (TurkStat).

Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанынан бергі ең нашар көрсеткіш саналады. Себебі, әлемде, соның ішінде Түркияда тіркелген коронавирустық пандемиядан соң   ЖІӨ едәуір қысқарып кеткен еді. 

Trading Economics сауалнамасына қатысқан сарапшылар шілде-қыркүйек айларында орта есеппен 2,6% өсуді болжаған болатын. 

Өткен тоқсанда тұтынушылық шығындар 3,1%-ға өсті. Сонымен бірге, мемлекеттік шығыстар 0,9%-ға қысқарды, бұл 2021 жылдың бірінші тоқсанынан бергі ең жылдам қарқын деуге болады.  Ал бизнес инвестициясы 0,8%-ға азайып, екі жылда алғаш рет теріс динамикаға ие болды.

Шілде-қыркүйек айларында экспорт 0,8%-ға ғана өссе, импорт 9,6%-ға қысқарды.

Түркияның ішкі жалпы өнімі үшінші тоқсанда алдыңғы үш аймен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді. Сәуір-маусым айларында нақтыланған мәліметтер бойынша 0,2%-ға төмендеу де тіркелді, ал бұрын 0,1%-ға өскені хабарланған болатын.

 

Ұқсас материалдар