Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Түркия төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Түркия төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Түркия төрт күндік жұмыс аптасына көшеді. Бұл жеңілдікті ең алдымен кішкентай балалары бар әйелдер, университетте оқып жүріп жұмыс істейтін жастар және мүгедектегі бар адамдар пайдалана алады.

Осылайша, ел тұрғындары 3 күн қатарынан демалу мүмкіндігіне ие болады. Мамандар жаңа жүйе наурыз-сәуір айларында басталатынын мәлімдеді. Ол үшін азаматтар жұмыс берушімен келісе отырып, күніне он сағат жұмыс істеу кестесіне көшеді. Осылайша, аптасына 40 сағат жұмыс істейді.

Бұл жеңілдікті ең алдымен кішкентай балалары бар әйелдер, университетте оқып жүріп жұмыс істейтін жастар және мүгедектегі бар адамдар пайдалана алады.

Жаңа жүйенің ерекшелігі бір жұмыста аптасына 4 күн істейтін адам мен 5 күн істейтін адамның жалақылары бірдей болады.

Мамандардың пікірінше, бұл жүйе адамдардың жұмысқа ынтасын арттырып, отбасымен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар