
Бұған дейін 66 адамның қаза болғаны және 51 адам зардап шеккені айтылған. Өрт ағаштан салынған ғимараттың 12 қабатында басталған. Өрт басталған кезде онда 230-дан астам адам болған. Олардың кейбірі өрт басталған кезде қонақүйдің терезесінен секіріп кеткен. Кейбірі көрпелер мен төсеніштерді бір-біріне байлап төменге түспек болған.
Түркияда бір күндік қаралы күн жарияланды.