Қожа-Ахмет Яссауи кесенесінің жанында орналасқан саяжол Түркістан тумасы, тоғызқұмалақ жанашыры, ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Раманқұлов Мақсаттың қалаға тартуы. Өз қаражатына тиісті абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, аллеяға бағалы тастан қашап жасалған тоғызқұмалақ тақтасын орналастырып, сыйға тартты.
Шараның ашылуына белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Дүниежүзілік және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов арнайы келіп, Түркістан жұртшылығына өз құттықтауы мен жылы лебізін арнады.
"Енді бұл жер қала тұрғындары мен қонақтардың және туристердің зияткерлік ойынмен танысып, уақытты көңілді өткізетін жерлердің бірі болады деп ойлаймын. Бұл менің бұрыннан ойымда жүрген арманымның бірі еді. Бастамаға қолдау білдірген Түркістан облысы басшыларына және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Мұхамедияұлына алғысымды білдіремін. Бұл бастамаға киелі қаланың жұртшылығы да, қонақтары да қуанады деген үміттемін. Дүниежүзілік көшпенділері ойыны жақындап келеді. Соның аясында, тоғызқұмалақты насихаттау мақсатында қол алынған “Тоғызқұмалақ аллеясы” шаһарға көрік беретін, көпшілікті қызықтыратын әдемі бір мекен болады деп сенемін”,-дейді ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, қоғам қайраткері, кәсіпкер Мақсат Раманқұлов.
Айта кетейік, биыл қыркүйектің 8-13 аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жалауын көтереді. Оған әлемнің 50-ден астам мемлекетінен тоғызқұмалақтан сайысқа түсу үшін ойыншылар келеді.
Фото: Тоғызқұмалақ федерациясы
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 17,67 млрд долларға жетті
- 09 желтоқсан, 2024
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 17,67 млрд долларға жетті
- 09 желтоқсан, 2024