Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Төрт өңірде жолдың жабылуына байланысты шамамен 400 адам пойыздарымен тасымалданды

Төрт өңірде жолдың жабылуына байланысты  шамамен 400 адам пойыздарымен  тасымалданды
Сарыбель, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 жолаушы тасымалданды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. 

Тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр. Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аса қажеттілік болмаған жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.

Тас жолдардың уақытша жабылуы және басқа көлік түрлерінің қозғалысы шектелуі жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік құралы болып саналады.

Ұқсас материалдар