
Kaspi Bank, Forte Bank, Еуразиялық банк және Jusan bank (қазіргі атауы – Alatau City Bank) ұйымдасқан қылмыстық топ ісіне байланысты прокуратура органдарынан ресми хабарлама алмағанын мәлімдеді.
Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.
Банктердің бірлескен мәлімдемесінде:
-
«Қазіргі уақытта қаржы институттарына бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің осы іске қатысы бар екендігі жөнінде ешқандай дерек белгілі емес. Сондықтан біз ресми ақпарат алу үшін прокуратураға жүгінеміз», – делінген.
Сонымен қатар банктер ресми құжаттармен расталған ақпарат ұсынылған жағдайда тергеу барысында құқық қорғау органдарымен ынтымақтасуға дайын екендерін жеткізді.
Айта кетейік, 2 қыркүйекте Ақмола облысының прокуратурасы аталған банктердің қызметкерлері ұсталған болуы мүмкін деген ақпарат таратқан еді.