Жаңалықтар
Украина мен Қазақстан азаматтары төбелесіп, Pegasus ұшағы жерге шұғыл қонды
![Украина мен Қазақстан азаматтары төбелесіп, Pegasus ұшағы жерге шұғыл қонды](/uploads/posts/1739520523_Zipalj1kY8hWMMiKmAKiIakYzRgFhLzJ/image/post7.jpeg)
Анталиядан Астанаға ұшқан ұшақта украиналық ерлі-зайыптылар мен Қазақстанның екі азаматы арасында төбелес басталған. Бортсеріктердің әрекетіне қарамастан жанжал тоқтату мүмкін болмаған.
«Төбелеске байланысты ұшқыш түнгі сағат 02:00-де Эрзурум әуежайына қонуға мәжбүр болды», - деп хабарлады арна.
Оқиғадан кейін әуежайға келген тәртіп сақшылары төрт жолаушыны ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізген. Эрзурумға келгеннен кейін қақтығысқа қатысқан жолаушылар бір-біріне қарсы шағымданған. Төбелестің себебі белгісіз.
Оқиғадан кейін ұшақ Эрзурум әуежайында бір сағаттай тұрған. Жанармай құйып болғаннан кейін ұшақ Астанаға ұшып, бірнеше сағаттан кейін сәтті қонған.