
Ұлттық валютадағы депозитер 307,6 млрд теңгеге көбейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» ұлттық форумында мәлімдеді.
«Соңғы кезде валюта нарыдаына жағдайдың тұрақтылығы байқалуда. Банктерде теңгелік депозит көлемі көбеюде. Халық тарапынан шетелдік валютаға сұранастың азайғанын байқап отырмыз. Қаңтарда халық айырбастау пункттерінен 213 млн доллар сатып алды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең аз көрсеткіш», - деді реттеуші.
Данияр Ақышевтың сөзінше, ақпан айы мен наурыз айының бірінші жартысындағы қорытынды бойынша теңгедегі депозит үлесінің өсімі байқалады. Халық депозиті 96 млрд теңгеге көбейген.