Ұлттық валютадағы депозитер 307,6 млрд теңгеге көбейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» ұлттық форумында мәлімдеді.
Данияр Ақышевтың сөзінше, ақпан айы мен наурыз айының бірінші жартысындағы қорытынды бойынша теңгедегі депозит үлесінің өсімі байқалады. Халық депозиті 96 млрд теңгеге көбейген.