Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

UNCTAD: Қазақстан Орталық Азияда инвестиция тартуда алда тұр

UNCTAD: Қазақстан Орталық Азияда инвестиция тартуда алда тұр

Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша көш бастап келеді.

Бұл туралы UNCTAD деректері негізінде Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің The Times of Central Asia басылымында жарияланған мақалада айтылған.

Мақалада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ сапары аясында ірі халықаралық корпорациялар мен қаржы институттарымен ұзақ мерзімді инвестициялық келіссөздер жүргізгені айтылады.

Сапар барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Mars компаниясы арасында шамамен 180 млн долларлық инвестициялық келісімге қол қойылды. Жоба Алатау қаласында үй жануарларына арналған жем зауытын салуды және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді көздейді.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына арналған келіссөздер жүріп, Ashmore Healthcare International мен «Самұрық-Қазына Инвест» бірлесіп Қазақстанда халықаралық клиника салуды жоспарлап отыр. Жобаға Mount Sinai Health System компаниясы қатысады.

Елшілік мәліметінше, бұл бастамалар Қазақстанның медициналық инфрақұрылымын дамыту, медициналық туризмді ілгерілету және жоғары технологиялық секторларға инвестиция тарту стратегиясына сәйкес келеді.

Сапар барысында авиация саласына қатысты мәселелер де талқыланды.

Ұқсас материалдар