Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ветеринария мамандарын қолдауға 22 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр

Ветеринария мамандарын қолдауға 22 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр

Қазақстан Мәжілісі ветеринария саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 22 млрд теңге бөлуді қарастырып жатыр.

Бұл туралы депутат Нұржан Әшімбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, сала мамандарының мәртебесін арттыру және құқықтарын қорғау мақсатында елімізде Ветеринариялық палата құрылмақ.

Жаңа құрылым Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы ұсынымдары негізінде жасақталады. Ол ветеринария саласындағы статуарлық орган ретінде қызмет етеді.

Сондай-ақ, ветеринар мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары күшейтіледі. Атап айтқанда, жыл сайынғы еңбек демалысы кезінде екі айлық жалақы көлемінде сауықтыру жәрдемақысы төлеу көзделген.

Бұдан бөлек, мамандарды арнайы киіммен қамтамасыз етуге 1,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Депутаттың айтуынша, бұл шаралар ветеринария саласының тартымдылығын арттырып, кадр тапшылығын азайтуға бағытталған.

Ұқсас материалдар