Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Yahoo Chrome браузерін сатып алмақшы

Yahoo Chrome браузерін сатып алмақшы
Yahoo Inc егер сот компанияны сату туралы шешім шығарса, Google Chrome веб-браузерін сатып алуға өтінім беруге дайын, деп хабарлайды Investing.

Yahoo Search бас директоры Брайан Провост Вашингтон сотында жауап бергенде Chrome браузерінің құны ондаған миллиард доллар болуы мүмкін екенін айтып, ол Интернеттегі ең маңызды стратегиялық ойыншы екенін атап өтті.

Ол Apollo Global Management жеке инвестициялық компаниясы қолдайтын Yahoo мүмкіндік туындаған жағдайда активті сатып алуға дайын екенін қосып өтті.

Бұл Әділет министрлігінің Alphabet-ке кіретін Google компаниясына қатысты монополияға қарсы ісі бойынша тыңдау кезінде айтылды.

Әділет министрлігі мен АҚШ-тың бірнеше штаты интернет іздеу нарығындағы үстемдігін шектеу үшін Google-ға Chrome-ды сатуға мәжбүр ету керек деп екенін сендіріп отыр.

Bloomberg OpenAI-да Chrome-ды сатып алуға қызығушылық танытқанын хабарлады.

Бұған дейін сот Федералдық сауда комиссиясының талап-арызы аясында Meta-ны Instagram немесе WhatsApp-ты сатуға мәжбүрлей алатыны хабарланған болатын.

Ұқсас материалдар