Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жаңа саяси маусым: Парламент жұмысын бастады

Жаңа саяси маусым: Парламент жұмысын бастады

Бүгін Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, сегізінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде ашылды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов: «Бүгіннен бастап Парламенттің төртінші сессиясы өз жұмысын бастайды. 8 қыркүйекте Президентіміз дәстүрлі Жолдауын жариялап, жаңа міндеттер қояды», – деді.

Бұл жолы сессияны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапарына байланысты оның тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы ашты.

Жиынға Сенаттың 50 депутаты, Мәжілістің 97 депутаты, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

Еске салсақ, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тамыз айының соңында Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.

Ұқсас материалдар