Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жаңа Салық кодексі: жалпыға бірдей декларациялау бойынша өзгерістер

Жаңа Салық кодексі: жалпыға бірдей декларациялау бойынша өзгерістер

2025 жылдың 15 шілдесінде мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті. 

Жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу шеңберінде Қазақстан Республикасында салық декларациясын беру рәсімдерін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілді және 2025 жылғы  1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 1-3 кезеңіне кірмеген шетелде активтері, мүлкі және банктік шоттары бар тұлғаларды қоспағанда, азаматтардың қалған санатын (зейнеткерлер, жеке құрылымдардың қызметкерлері, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және т. б.) міндетті декларациялаудан босату туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, Бейрезидент болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру міндеттемесі алынып тасталды.

Енгізілген өзгерістен кейінгі активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 нысан) ұсынуға міндетті тұлғалар:

  • 1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
  • 2) ҚР тыс жерде мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері;
  • 3) цифрлық активтері болған жағдайда ҚР азаматтары, ҚР резиденттері;
  • 4) жеке практикамен айналысатын адамдар.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер тізбесі бөлігіне толықтырулар енгізілді, атап айтқанда:

  • шетелдегі брокерлік шоттардағы ақша көрінісі енгізілген;
  • құны 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлікті декларациялау бойынша бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде мүлікті декларациялауға да рұқсат етілген, бұл ретте бағалау құны 15 қыркүйектен кешіктірілмей айқындалуға тиіс;
  • дебиторлық және кредиторлық берешектің активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда көрсету тәртібі қайта қаралды, сондықтан нотариалды куәландырылған шарттың болуымен қатар, енді дебиторлық және кредиторлық берешектің болуын:
  • жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатын адам арасында – салыстыру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде;
  • заңды күшіне енген сот шешімімен растауға болады;
  • бағалы қағаздар бойынша эмитенттері Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздарды көрсетуді көздейтін жаңа редакция баяндалған;

Енгізілген өзгерістерге сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00 нысан) ұсынуға міндетті тұлғалар:

  • 1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар;
  • 2) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, инвестициялық портфельді басқарушылары, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;
  • 3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), акционерлік қоғам акцияларының 10 пайыздан астамын иеленетін акционерлер, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;
  • 4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
  • 5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салық кезеңінде жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кіріс алған тұлғалар;
  • 6) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ҚР тыс жердегі шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшасы бар тұлғалар;
  • 7) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі бар тұлғалар;
  • 8) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
  • 9) есепті салық кезеңі ішінде ҚР және (немесе) одан тыс жерлерде құны айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлік сатып алған тұлғалар;
  • 10) салық агентіне алдын-ала салықтық шегерім қолдану туралы өтініш білдірген тұлғалар;

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны жасау ерекшеліктері бойынша:

Декларацияда мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті тұлғалардың санаттары қайта қаралды. Сонымен, аталған мәліметтерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес осындай міндет жүктелген адамдардан басқа:

  • банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, инвестициялық басқарушылар және олардың резидент-жұбайлары;
  • жарғылық капиталдағы үлесінің (акционерлік қоғамдардың акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;
  • есепті салық кезеңі ішінде ҚР-да және (немесе) одан тыс жерлерде құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлік сатып алған тұлғаларда көрсетуге міндеттелді.

Электронды түрде:

  • Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушінің кабинеті» web-порталы (cabinet.salyk.kz);
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz);
  • (Moldir.qoldau.kz) арқылы, сондай-ақ «eSalyq Аzamat», Halyk, bcc.kz Банк Центркредит мобильді және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы табыс етуге болады.

Қағаз түрінде:

  • мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен;
  • ХҚКО-ларға,
  • хатпен пошта арқылы ұсынуға болады.

Ұқсас материалдар