Жалдамалы пәтерлерді сатып алуға болады. Мемлекет есебіндегі үйді жалдап тұратын жұрттың да жағдайы жақсарады.
Жаңа заң аясында жалдамалы пәтерлерге сатып алу құқығы беріледі. Ол үшін қазіргі қожайындары қалдық құнын төлеуге міндетті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наурыз Сайлаубай: «Заңның ең ұтымды тұсы, бұл жерде бұған дейін қаншама жыл арендалық үйде, мемлекеттен алған азаматтар сатып алу құқығынсыз деп айтайын астын сызып, осы азаамттар бұл заң аясында болашақта өздеріне жекешелендіре алады. Бірақ бұл жерде жастар жоқ. Бұған дейін көп балалы, ҰОС немесе басқа да бағдарламалармен арендалық үй алған азаматттар заңдастырылады деген сөз, қалдық құнын төлеу арқылы», – деді.
Қазір арендалық үйлерде 50 мыңнан астам қазақстандық тұрып жатыр. Яғни, осынша жан сатып алу құқығына ие болады деген сөз.Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қаржы
Өткен 11 айда отандастарымыздың зейнетақы активтері 4,25 трлн теңгеден асты
- 28 желтоқсан, 2024