Жаңажылдық мерекеден кейін қазақстандықтар хабарландыру сайттарында не сатады?
Электроника хабарландыру сайттарында әрдайым ең танымал санат болып қала береді. Бұл туралы OLX аналитикасынан белгілі болды.
Хабарландыру сайтына 2024 жылы электроникаға байланысты 565 мыңнан астам хабарландыру жарияланған. Олардың ішінде танымалдығы бойынша бірінші орында, әрине, 44 620 жаңа смартфондар және 280106 пайдаланылған смартфондар жарнамасы орналастырылған. Екінші орында 9 568 жаңа және 58 550 пайдаланылған ноутбуктар сатылуда. Сымсыз құлаққаптар үштікті жабады: 25 880 жаңа және 30 222 пайдаланылған.
Электроникадан кейін жарнамалар саны бойынша екінші орынды хобби мен демалысқа байланысты заттар иеленді. Бұл санатқа кітаптар, билеттер, музыкалық аспаптар және тіпті спорттық жабдықтар кіреді, бұл санатта 170 мыңнан астам хабарландыру орналастырылған. Олардың ішінде:
- Музыкалық аспаптар: 23 908 жаңа және 13 225 пайдаланылған;
- Кітаптар: 55 670 жаңа және 73 440 пайдаланылған.
Сондай-ақ, жаңа жылдық мерекелер кезінде үйге арналған өнімдер танымал. Мысалы, шай сервиздері, сүлгілер жиынтығы және басқа да тұрмыстық заттар. Мұндай тауарларды сатып алушыны табу оңай, өйткені олар әрқашан сұранысқа ие. Жылдың басында 91 мыңға жуық хабарландыру тіркелген. Оның : 2 087 жаңа және 343 пайдаланылған сүлгілер жинағы, 1 771 жаңа және 836 пайдаланылған шай сервиз.
OLX өкілдері мерекеден кейін парфюмерия, сыйлық жиынтықтары немесе сәйкес келмейтін косметика жиі қайта сатылатынын айтады. «Сұлулық және күтім» санатында 82 мыңнан астам хабарландыру орналастырылған, мысалы, әтір/иіссу бойынша хабарландырулар саны 11 239 жаңа және 3 282 пайдаланылған жарнаманы құрайды.
Тағы бір танымал санат - зергерлік бұйымдар. Адамдар көбінесе өлшемі мен стиліне сәйкес келмейтін сақиналарды, сырғаларды, білезіктер мен кулондарды сатады. Мұндай заттар әрқашан жаңа иелерді табады, өйткені зергерлік бұйымдар жылдың кез келген уақытында өзекті болып қалады. Бұған дәлел 58 мыңға жуық хабарландырулар саны:
- Сақина: 5 174 жаңа және 4 952 пайдаланылған;
- Сырғалар: 5 032 жаңа және 3 745 пайдаланылған;
- Білезіктер: 3 585 жаңа және 1 842 пайдаланылған.