
Бүгін Сенат депутаттары ең төмен жалақыны белгілеуге қатысты халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы заңды мақұлдады.
Бұл құжат еліміздегі жалдамалы жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.
Сенатор Талғат Жүнісовтің айтуынша, Қазақстанда бұған дейін де ең төменгі жалақыны белгілеу және төлеу бойынша бірқатар талаптар енгізілген.
«Мәселен, елімізде ең төменгі жалақыны Үкімет жыл сайын белгілейді және бұл еңбек заңнамасында нақты бекітілген. Сондықтан қазіргі заңнама халықаралық конвенция ережелеріне сай келеді деп толық айтуға болады», – деді сенатор.
Оның айтуынша, конвенцияны ратификациялау:
-
Қызметкерлерді негізсіз төмен жалақыдан қорғауға;
-
Әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға;
-
Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.
-
Ең төменгі жалақы жүйесін енгізу;
-
Жалақыны есептеу кезінде экономикалық факторлар мен қызметкерлердің өмір сүру қажеттіліктерін ескеру;
-
Еңбек ақысын төлеуде кез келген кемсітушілікке жол бермеу.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге. Бұл көрсеткіш келесі жылы өзгермейді, деп нақтылады сенаторлар.