Жапония үкіметі Семей медицина университетінің госпиталіне заманауи медициналық жабдық сатып алу үшін 7 млн доллардан астам грант бөлді.
Қаражат ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталады.
Құжатқа Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Жапонияның Қазақстандағы елшісі Иидзима Ясусама қол қойды. Грант Абай облысының медициналық инфрақұрылымын нығайтуға жұмсалады.
Сатып алынатын негізгі жабдықтар:
-
МРТ аппараты
-
Компьютерлік томограф
-
Эндоскопиялық кешендер
-
Реанимациялық және өзге де медициналық құрылғылар
Бұл қадам аймақта жоғары технологиялық медициналық көмекті кеңейтіп, полигон зардабын көрген азаматтарға қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, елдер "Japan-Kazakhstan Medical Hub" медициналық ынтымақтастығын дамыту мәселесін қарастыруда.





