
Бұған дейін БАҚ-ы 1 қаңтардан бастап Жапонияның орталық бөлігінде бірнеше жер сілкінісі болғанын, олар Исикава мен Ниигата префектураларына көбірек әсер еткенін жазған еді. Ең қуатты жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 баллға жетті — бұл 1885 жылдан бері осы аймақта тіркелген ең күшті жер сілкінісі болды.
Жер сілкіністері үйлердің қирауына және жүрдек пойыздардың қозғалысының тоқтауына себеп болды, 32 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, кейбір аудандарда су мен байланыс жоқ. Келесі күні жүрдек пойыздардың қозғалысы барлық бағыттар бойынша қалпына келтірілді.
Айта кетейік, бүгін Астана уақытымен сағат 09:40-та Қазақстан аумағында да жер сілкінісін тіркелді. ТЖМ-нің «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің тіркеуінше эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілгені туралы мәлімет жоқ.