Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жапониямен 3,7 миллиард доллардан асатын екіжақты құжатқа қол қойылды

Жапониямен 3,7 миллиард доллардан асатын екіжақты құжатқа қол қойылды
Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлады Ақорда. 

Былтыр өзара сауданың көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. 
Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді. 

Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Оның елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты. 

«Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты. Біз елімізде еңбек етіп жатқан Жапонияның шағын және орта компанияларының қызметіне қолдау көрсетіп келеміз.
«Орталық Азия – Жапония» форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін», деді Президент.

Ұқсас материалдар