Азия даму банкі (АДБ) Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2026 жылы 4,8%-ға, ал 2027 жылы4,5%-ға өседі деген болжамын сақтап қалды. Бұл көрсеткіштер шілдедегі болжамменсалыстырғанда өзгерген жоқ, деп хабарлайды 7kun.kz банктің қыркүйектегі Asian Development Outlook есебіне сілтеме жасап.
2026 жылдың бірінші жартысында ел экономикасы өткен жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда 4,1%-ға өсті. Ал 2025 жылдың алғашқы жартысында өсім 6,3% болған. Баяулаудың басты себептерінің бірі — мұнай өндіру көлемінің 8,4%-ға төмендеуі. Біріншітоқсанда Теңіз кен орнындағы жұмыс ұзақ уақытқа тоқтап, Каспий құбыр консорциумыжүйесінде де бірнеше рет іркіліс болған.
АДБ бағалауынша, мұнай секторындағы құлдыраудың әсерін басқа салалардың өсіміішінара өтеп отыр. Бірінші жартыжылдықта өңдеу өнеркәсібі 9,8%-ға, құрылыс 15,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті. Банк 2027 жылы экономикалық өсімде мұнайдан тыссалалардың рөлі арта түседі деп күтеді.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





