Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жасанды интеллект шенеуніктер санын қысқарта ма?

Жасанды интеллект шенеуніктер санын қысқарта ма?

Шенеуніктер атқаратын жұмыстың бір бөлігін болашақта жасанды интелект орындауы мүмкін.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева айтты.

«Қараңыздар, қазір әлемде әртүрлі тәсіл бар. ЖИ-агенттері, олар белгілі бір деңгейде өз бетінше шешім қабылдай алады, сосын ассистенттер бар. Аталған жағдайда мемлекеттік аппарат жұмысының бір бөлігін, яғни күнделікті қайталанатын жұмысты жасанды интелект алмастыра алады. Осылайша бұдан да маңызды міндеттерге уақыт қалдырады», – деді Смышляева Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Алайда депутат ЖИ мемлекеттік аппарат штатына қалай әсер ететінін айта алмады.

«Жұмыс орындары күрт қысқарады немесе ұлғаяды деп айта алмаймын. Күнде қайталанатын жұмыстан босататыны рас, өнімділік пен жылдамдықты арттырады, аналитика Big Data негізінде жасанды интеллект жүйесінде қалады», – деді депутат.

Айта кетері, бүгін  Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы таныстырылды.

Ұқсас материалдар