Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Өзбекстан 2030 жылға дейін 5 мемлекеттік банкті жекешелендіреді

Өзбекстан 2030 жылға дейін 5 мемлекеттік банкті жекешелендіреді
Өзбекстан билігі мемлекеттік банктерді кезең-кезеңімен жекешелендіруді жоспарлап отыр.

Қабылданған қаржылық стратегияға сәйкес, 2030 жылға дейін елдегі 9 ірі мемлекеттік банктің бесеуі жеке меншікке өтеді. Биылдың өзінде бір банкті сату көзделген.

Қазіргі таңда мемлекеттік банктер елдегі барлық банк активтерінің 64,53%-ына иелік етеді. Үкімет жекешелендіру арқылы бұл үлесті біртіндеп қысқартуды мақсат етіп отыр.

Маңызды шарттардың бірі – шетелдік банк топтарының жекешелендіруге қатысуына тыйым салынған. Яғни, банктердің акциялары тек Өзбекстан азаматтарына тиесілі болмақ.

Сонымен қатар, Экономика және Қаржы министрлігі, «Асакабанк» және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) жекешелендірудің негізгі коммерциялық талаптарын айқындайтын келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, ЕҚДБ «Асакабанктің» 15% үлесін сатып алуды жоспарлап отыр.

Ұқсас материалдар