Жаңалықтар
Өзбекстан президенті: Мемлекеттік органдар қызметтік шығынды қысқарту керек
Бұл ретте мемлекеттік органдарға жоғары лауазымды шенеуніктердің жалақысын көтеру (ең төменгі жалақы мөлшерін көтеруді есептемегенде), қызметтік көлік пен қымбат жиһаз және кеңсе керек-жарақтарын сатып алу бойынша бастама көтеруге тыйым салынады. Орынды қажеттілік болса, онда қаражат тікелей Министрлер кабинетінің келісімі негізінде бөлінеді.
Сонымен, бюджетті жоспарлау барысында мемлекеттік ұйымдардың жиһаз бен кеңсе керек-жарақтарына арналған шығындарын былтырмен салыстырғанда 10%-ға қысқарту тапсырылды.
Бұған қоса, хокимиятарға жергілікті бюджет есебінен штат санын ұлғайтуға тыйым салынады.