Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Өзбекстанда ірі газ кен орны табылды

 Өзбекстанда ірі газ кен орны табылды

  Өзбекстанда тереңдігі 6500 метр болатын жаңа ірі табиғи газ кен орны анықталды.

Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиёев Ташкент облысының ұстаздарымен кездесу кезінде мәлімдеді.

«Өзбекстан тарихында тұңғыш рет Үстірт өңірінде тереңдігі 6500 метр болатын ұңғыма бұрғыланды. Ол жерден табиғи газдың ең ірі қоры анықталды», – деді Шавкат Мирзиёев.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұған дейін Өзбекстанда геологиялық барлау жұмыстары көбіне 2500-3000 метр тереңдікте жүргізіліп келген.

Президент атап өткендей, табылған табиғи ресурстарды тиімді игеру үшін ғылым мен білім, сондай-ақ инновациялық технологиялар қажет.

«Бұл ресурстардан дайын тауар жасау үшін бізге ең алдымен ғылым, білім және инновация қажет», – деді Мирзиёев ұстаздармен кездесуде.

Сондай-ақ, Өзбекстанда теллур, литий, графит, молибден, вольфрам, титан және басқа да бағалы металлдардың ірі қоры бар екені айтылды.

Бұл жаңалық аймақтың энергетикалық әлеуеті мен геосаяси маңыздылығының арта түскенін көрсетеді. Кен орнын толық игеру елдің экономикасына ұзақ мерзімді серпін беруі мүмкін.

Ұқсас материалдар