Кейінгі 5 жылда Өзбекстанның ЖІӨ екі есе өсіп, 100 млрд доллардан асты. Бұл туралы Олий Мажлистің Заң шығару палатасы депутаттарының алдында сөз сөйлеген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді.
Өзбекстан президентінің айтуынша, экспорт көлемі тұңғыш рет 25 млрд доллардан асып, былтырғы рекордты жаңартты. 2023 жылы көршілес ел 24,4 млрд доллардың тауарын өзге нарықтарға шығарған еді.
Шавкат Мирзиёев өз баяндамасында таяуда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 3 мың долларға теңелетінін атап өтті.
«Дүниежүзілік банктің биылғы болжамына сай, Өзбекстан Еуропа мен Орталық Азияның ең жылдам дамып келе жатқан экономикаларының үштігіне енеді. Өзбекстан экономикасының дамуына 5 жыл ішінде тартылған шетелдік инвестиция көлемінің 6 есеге артуы ықпал етті. Оның нәтижесінде 1,5 млн-ға жуық табысы жоғары жұмыс орындары құрылды», – деді Өзбекстан президенті.
Сондай-ақ, Заң шығару палатасы депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде Шавкат Мирзиёев өзбек тарапы Қазақстан мен Тәжікстан шекарасынан ID-картамен өту тәртібін енгізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жалпыға бірдей декларацияға қарсы петицияға қол жинап жатыр
- 19 қараша, 2024
Сирек металл өндіретін 5 зауыт қашан ашылады?
- 19 қараша, 2024