Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жедел жәрдем шақыру тарифі өсе ме?

Жедел жәрдем шақыру тарифі өсе ме?

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем шақыру тарифін өзгерту туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Жобада 4-санаттағы (төмен шұғылдықтағы) шақыртулар үшін кешкі және түнгі уақытта тарифті 340 теңгеден 360 теңгеге көтеру ұсынылады. Мұндай шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбейтін жағдайларға жатады.

Министрлік мәліметінше, бұл өзгеріс жедел жәрдем бригадаларының жүктемесін азайтып, көмектің сапасын арттыруға және әрекет ету жылдамдығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған және 15 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ашық болады.

Ұқсас материалдар