Жеңіл табыс немесе тұзақ: Жеке кәсіпкерлік және ЖШС арқылы алаяқтық көбейген
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті соңғы айларда жеке кәсіпкерлер (ЖК) және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді (ЖШС) заңсыз мақсатта пайдалану жағдайларының артып келе жатқанын хабарлайды.
Алаяқтар интернет-платформаларды пайдалана отырып, жеңіл табыс іздеген азаматтарды тауып, белгілі бір сыйақы үшін оларға ЖК немесе ЖШС тіркеп, банк шоттарын ашуды ұсынады. Осы рәсімдер аяқталғаннан кейін, алаяқтар шоттарды басқаруды өздеріне беруді талап етеді.
Алаяқтық схемаларды жүзеге асыру үшін қылмыскерлер жалған интернет-дүкендер құрып, тіркелген ЖК немесе ЖШС атынан тауарлар мен қызметтерді ұсынған болып көрінеді. Келісімдер жасалғаннан кейін, олар төлем жасау үшін шот-фактураларды қашықтан жібереді, бұл жәбірленушілердің күдігін тудырмайды. Осылайша, алаяқтар қаржыны қолды етеді.
ЖК және ЖШС-ні тіркеудің жеңілдетілген рәсімдері мен банк шоттарын ашу алаяқтықтың осындай түрлерінің артуына ықпал етеді. ЖК, ЖШС және банк шоттарын үшінші тұлғаларға жаппай беру азаматтардың қаржылай шығынға ұшырауына, сондай-ақ ЖК мен ЖШС ашқан тұлғалардың жауапкершілікке тартылуына әкеледі.
"Осыған байланысты, ЖК және ЖШС тіркеген тұлғаларға олардың басқаруын үшінші тұлғаларға беру тәуекелдері туралы ескертеміз. Алаяқтарға жәрдем көрсеткен жағдайда, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) және 28-бабы (қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері) бойынша жауапкершілік бар екенін хабарлаймыз", дейді қалалық МКД.