Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жемқорларға елден шығуға тыйым салына ма?

Жемқорларға елден шығуға тыйым салына ма?

Енді жемқорлар мен парақорларды елден шығаруға тыйым салынуы мүмкін. 
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

«Айта кетейін, бұл бірінші рет көтеріліп жатқан сұрақ емес, бұл бізде баяғыдан бері талқылануда. Бұл бастама бұрыннан бері қарастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, тиісті ұсыныстар бар», – деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Агенттік өкілінің мәлімдеуінше, парамен ұсталғандарды елден шығармау мәселесі басқа да құзырлы органдармен бірлесе қаралуда.

«Талқылау нәтижесі көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмысты біз ғана қабылдай алмаймыз, бұл бүкіл мемлекеттік орган, аппарат қабылдауы тиіс. Депутаттар қолдаса, әрине, енгізілуі мүмкін, – деп толықтырды ол.

                                                                                                                            

Ұқсас материалдар