Жаңалықтар
Жемқорлықтың исі шығады: блогерлер Қонаев қаласының жаңа жылдық безендірілуін сынады
Медиа өкілдері "қаланың әрленуі 148 миллион 528 мың теңгеге теңгеге татымайды, жемқорлық пен ұрлықтың исі шығатын іске облыс прокуратурасы назар аудару керек", дейді әлеуметтік желідегі видеода.
Артынша облыс әкімдігі бұл сынға жауап берді.
"Әлеуметтік желіде Қонаев қаласының эстетикалық безендірілуіне қатысты ақпарат жарияланды. Онда бұл қызметке 148 млн 528 мың теңге жұмсалғаны және қойылған нысандардың техникалық құжаттамаға сәйкес емес екені туралы жазылған. Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі мердігер компания тәуелсіз аудиттерге жүгінгенін хабарлайды. Аудиттің нәтижесіне сәйкес, кемшіліктер анықталса, әкімдік тарапынан мердігерге қатысты тиісті шаралар қабылданады", делінген жауапта.