Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында биыл жер қойнауын пайдаланушылардың 1 трлн теңгеге шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасағанын хабарлады.
Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 7,7 есе артық.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік сатып алуларда отандық өндірушілер үшін басымдық тетіктері жетілдірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудағы отандық өндіріс тауарларының тізімі 4,8 мыңнан астам позицияға кеңейтілді, нәтижесінде отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар сомасы 1,5 есе өсті.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларында ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасу талаптары күшейтілді. Осы 10 айда Қор компаниялары 1,3 трлн теңгеге келісімшартқа қол қойған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,3 есе артық.
Пайдалы қатты қазбаларды сатып алуға енгізілген түзетулер, оның ішінде Tizilim алаңының жаңғыртылуы, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу мүмкіндігін арттырды.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
7,9 млрд теңге жымқыру ісі: құрылыс компаниясының қызметкерлері ұсталды
- 01 желтоқсан, 2025





