Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басынан бері 192,9 мың адам жұмыстан кетті

Жыл басынан бері 192,9 мың адам жұмыстан кетті

2016 жылдың бірінші тоқсанда ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 154,2 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 192,9 мың адам жұмыстан кетті. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар - 75,7%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 6,0%, басқа себептер бойынша – 18,3% құрайды.

k29-04-2016-1

Ағымдағы жылғы төртінші тоқсанда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 5,7%, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,1%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 5,4% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 79,9% болды.

Похожие материалы