2016 жылдың бірінші тоқсанда ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 154,2 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 192,9 мың адам жұмыстан кетті. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар - 75,7%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 6,0%, басқа себептер бойынша – 18,3% құрайды.
Ағымдағы жылғы төртінші тоқсанда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 5,7%, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,1%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 5,4% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 79,9% болды.