Қазақстанда жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жасалған контентті арнайы белгісіз жариялауға тыйым салынды.
16 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа нормаға сәйкес, фото, аудио немесе бейнежазбаны ЖИ арқылы жасаған жағдайда, оны "ЖИ көмегімен жасалды" деп белгілеу міндетті.
Егер белгі қойылмаса, айыппұл салынуы мүмкін:
-
Жеке тұлғаларға – 15 АЕК (64 875 теңге)
-
Шағын бизнес/ҚҚҰ – 20 АЕК (86 500 теңге)
-
Орта бизнес – 30 АЕК (129 750 теңге)
-
Ірі бизнес – 100 АЕК (432 500 теңге)
Қайталанған заң бұзушылық үшін айыппұл көлемі екі есеге дейін өседі.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева дипфейк контентін екі жағдайда бөліп қарастырды:
-
Білім беру немесе цифрлық контентте қолдану – адамның келісімін алу және жеке деректерді қорғау міндетті.
-
Алаяқтық немесе заңсыз мақсатта пайдалану – экономикалық шығын немесе беделге нұқсан келтірсе, жауапкершілікке тартылады.
Қазіргі уақытта ірі ЖИ-сервистер автоматты түрде логотип немесе арнайы белгі қоя бастады. Болашақта бұл стандарт барлық платформалар үшін міндетті болуы мүмкін. Бұл заң цифрлық кеңістікте шынайылықты сақтау және алаяқтыққа жол бермеу үшін қажет.





