Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты Ресейде жүргізілген тергеу AZAL ұшағын қандай зымыран құлатып, кімдер оқ жаудырғанын анықтады.
Caliber.az телеграм-арнасы өздерінің дереккөздеріне сүйене отырып, Ресейде жүргізіліп жатқан «Әзірбайжан Әуе Жолы» ұшағының апаты бойынша қылмыстық тергеуде әуе кемесінің «Панцирь С-1» ПВО жүйесімен атып түсірілгенін растады.
Бұл қондырғы Сириядан Ресейге жеткізілген. Сонымен қатар, Ресей тергеуі Әзірбайжан ұшағына қарсы электрондық күрес құралдарының қолданылғанын және бұл ұшақтың басқару жүйесінің істен шығуына әкелгенін растады.
«Ресейлік тергеушілер тек ұшаққа оқ атуға бұйрық берген адамды ғана емес, сондай-ақ осы бұйрықты берген тұлғаны да анықтады. Бұдан басқа, біздің редакциямызға бұл адамдардың есімдері мен лауазымдары белгілі, біз бұл ақпаратты оқырмандарымызбен қажетті уақытта бөлісетін боламыз», – деп жазылған Caliber.az телеграм арнасында.