Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жүк тасымалы 10%-ға өсіп, бюджетке 3,7 млрд теңге кіріс түсті

Жүк тасымалы 10%-ға өсіп, бюджетке 3,7 млрд теңге кіріс түсті

2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда жүк тасымалы көлемі 753 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,8%-ға артты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. 

Барлық көлік түрлері арқылы тасымалдаудан түскен кіріс 3,7 млрд теңгеге жетті.

Өңірлер бойынша ең жоғары өсім:

  • Атырау облысы – 47,8%

  • Жетісу облысы – 41,1%

  • Абай облысы – 30%

  • Астана – 15,2%

  • Алматы қаласы – 1,5%

Көлік түрлері бойынша жүк тасымалы:

  • Теміржол көлігі – 300,3 млн тонна (+11,4%)

  • Құбыр арқылы – 228,1 млн тонна (+16,5%)

  • Автокөлікпен – өсім 1,8%

  • Әуе көлігімен – 19,1 мың тонна (+7,5%)

  • Теңіз және жағалау көлігі – 2,5 млн тонна (+30,6%)

Жүк айналымындағы бұл өсім экономикалық белсенділіктің артуымен және инфрақұрылымның дамуына байланысты болып отыр.

Ұқсас материалдар