Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жұманғарин: 2029 жылға дейін 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартуымыз керек

Жұманғарин: 2029 жылға дейін 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартуымыз керек
Мемлекет басшысы алдымызға қойған негізгі міндеттердің бірі – инвестиция тарту.

Ел алдында 2029 жылға дейін экономиканың көлемін екі есеге арттыру міндеті тұр. Ол үшін кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту және негізгі капиталға салынатын инвестициялардың деңгейін ЖІӨ-нің 23%-ына дейін жеткізу қажет. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Astana Finance Days 2025 ашылуында осындай пікір білдірді.

«АХҚО бұл көзқарасты іске асыруда маңызды орын алады. Құрылған сәтінен бастап АХҚО ағылшын жалпы құқығы қағидаттарына, тәуелсіз реттеуге және халықаралық стандарттарға негізделген бірегей институционалдық орта ұсынып келеді. Бұл жаһандық инвесторлардың сенімін нығайтады және орталыққа тұрақты өсімнің, капитал қозғалысының және қаржылық инновациялардың платформасы болуға мүмкіндік береді», – деді Жұманғарин.

Бүгінде АХҚО алаңында әлемнің 85 елінен 4 мыңнан астам компания тіркелген. Бұл компаниялар әртүрлі салаларды қамтиды – активтерді басқарудан және финтехтен бастап жасыл қаржы мен исламдық банкингке дейін.

«Осы компаниялардың Қазақстан экономикасына салған жалпы инвестиция көлемі 17 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл АХҚО-ның тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия мен Шығыс Еуропа өңірі үшін де жұмыс істейтін халықаралық экожүйе ретіндегі артып келе жатқан рөлін көрсетеді», – деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.

Ұқсас материалдар