Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Жол сапа орталығына кішкентай қонақтар келді

Жол сапа орталығына кішкентай қонақтар келді
Бүгін "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Алматы қалалық филиалында ерекше іс-шара өтті. Мекемеде еңбек ететін мамандардың балалары ата-аналарының жұмыс орнына экскурссия жасап, жылжымалы жол зертханасын аралап көрді.

Балалар жол құрылысы материалдарын тексеретін соңғы үлгідегі құрылғылармен, аспаптармен
танысты. Ал мекеме мамандары жол қабатынан, жол бойынан түрлі сынамалар қалай алынатынын көрсетті. Жолшының жұмысын сезінген балақайлар ата-анасының еңбегін мақтан тұтып, бойларын қуаныш кернеді. 

Алматы филиалының директоры Мәулен Тоқтарбайұлының айтуынша, балалардың қызығушылығы ерекше екені байқалады. Кішкентай қонақтар жолға, жол құрылысына қатысты сауалдарын қойып, жауап алды. Қызықты саяхаттың соңы дәмді дастарханға ұласып, мерекеге жалғасты. Жол сапасын тексеретін мекеме мұндай қызықты да пайдалы іс-шараларды жалғастыратынын жеткізді.

Ұқсас материалдар