Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицей күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

Ж.Жабаев атындағы № 161 лицей күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды
Алматыда 90 жылдық тарихы бар Ж.Жабаев атындағы № 161 лицей күрделі жөндеуден кейін жаңа оқу жылында қайта ашылды.

Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің негізі 1935 жылы қаланған. Ал қазіргі 2 қабаттан тұратын ғимараты 1938 жылы салынған. Қаладағы ең ескі ғимараттың бірі болғандықтан 2024 жылдың 7 тамызынан 2025 жылдың – 19 сәуірі аралығында күрделі жөндеу мен сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілді.

Лицей 2025-2026 оқу жылын 550 оқушымен бастап отыр.  Өткен оқу жылында 63 түлек мектеп  бітіріп, оның 7-і Алтын белгі иегері, 3-і үздік аттестат атанып, 44 оқушы грант иегері атанған.

Күрделі жөндеуден кейін оқушылар таза және жарық ғимартта білім алуына қолайлы жағдайлар жасалды. Бейне бақылау жүйесі бойынша лицейде 23 сандық бейне камера, өртке қарсы қауіпсіздік жүйесі орнатылған.

27 маусымнан бастап «Jetysu mugedektigi bar azamattar birlestigi» корпоративті қоры лицейдің ауласында абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Лицейдің ардагер-ұстаздары мен қонақтар

Лицейде 25 оқушыға арналған 14 оқу кабинеті, 18 оқушыға арналған 2 кабинет қарастырылған. Сондай-ақ, 113 орындық Мәжіліс залы, 77 орындық асхана, кітапхана, медициналық кабинет  бар. биология, химия, физика, технология, география, информатика, мата өңдеу және технология шеберханасы,  метал, ағаш өңдеу және технология пәніне арналған кешенді шеберхана модификацияланған. 

Қазіргі таңда 49 мұғалім, оның ішінде педагог- шебер – 3, педагог-зерттеуші – 12, педагог-сарапшы – 10, педагог-модератор – 12, мұғалімдердің негізгі жасы 30-45, оның ішінде жас мамандар 12 еңбек етеді. Лицейді білікті ұстаз Тұнық Сарыбаева басқарады.

Ұқсас материалдар