Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

ОҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте  1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай бірінші кезектегі  «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Осылайша шымкенттік 96 отбасы баспаналы болды.

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы қалада салынған бірінші кезектегі 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Бұл үйлердің құрылысы тұрғын үй комбинаттарының өнімдерін қолдана отырып, іске асырылуы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытына ұқсас жүргізілуде»,-деді ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев.

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент»  ӘКК»  ҰК АҚ  құрылысқа 1,2 млрд теңге көлемінде инвестиция салған еліміздегі алғашқы әлеуметтік корпарация болып отыр.

Қаланың әкімшілік және іскерлік орталығында орналасқан тұрғын үй кешенінде тоғыз қабатты 4 тұрғын үй бой көтерген. Мұндағы пәтерлердің жалпы ауданы - 14776,6 шаршы метрді құрайды. Бүгінде 2 блок, яғни 96 пәтер пайдалануға берілсе, қалған 2 блок келер жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін пайдалануға беріледі. Жобаның жалпы құны – 2,75 млрд теңгені құрайды.

«Астана» тұрғын үй кешені екінші классқа жататын бір тұрғынға 25 ш.м. жеке кеңістікті есептеу арқылы салынған сәнді апартаменттер. Мұнда  тұру жағдайлары мен инновациялық технологиялар үшін қажетті барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етілген.

Аталған тұрғын үйдегі «Өз үйім» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан пәтерлерді сатып алуға болады. Бағдарлама бойынша орташа бағасы бір шаршы метр үшін 180 мың теңгені құрайды. Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 5-тен 10 пайызға дейін.

Похожие материалы