Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында әуе компаниялары жолаушылар тасымалынан түскен табыстарды 1,6%-ға, яғни 73,8 млрд теңгеге дейін арттырды.
Бұл ретте тасымалдау 8%-ға төмендеп, 1,6 млн-нан астам адамды құрады.
Жолаушылар айналымы 4,8%-ға, 3,3 млн жолаушы-километрге дейін қысқарды.
Сонымен қатар, жүк тасымалдаудан түскен табыс үш айда 30%-ға (1,9 млрд теңгеге дейін) өсті. Қаңтар-наурызда 5,9 тоннаға жуық жүк тасымалданды (өсім 13,7%).
Жүк айналымы 97,9%-ға өсіп, 24,1 мың тонна-километрге жетті.
Похожие материалы
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





