Кеңесші

Qazaq banki-нен салымдарымды қашан, қалай алсам болады?

Егер сіз «Qazaq Banki» салымшысы болсаңыз, 24 желтоқсаннан бастап ВТБ банкке өтініш беріп,   өзіңіз жинаған салымды толықтай алуға құқығыңыз бар.

Сұрақ: Мен банкрот болған Qazaq banki-нің салымшысымын, салымдарымды қашан, қалай алсам болады? 

Жауап: Егер сіз «Qazaq Banki» салымшысы болсаңыз, 24 желтоқсаннан бастап ВТБ банкке өтініш беріп,   өзіңіз жинаған салымды толықтай алуға құқығыңыз бар. ВТБ банк банкрот болған Qazaq Banki-нің  салымдарын қайтару үшін агент-банк ретінде таңдалған. Өтінішіңізге 5 күн ішінде жауап келуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, құзырлы органдарға шағымдануға құқығыңыз бар.

Ұлттық банктің хабарлауынша, «Qazaq Banki» салымшысы қаражатын алу үшін ВТБ банктің кез-келген филиалына хабарласуы керек.

«Төлем ВТБ банкінің агент банкі арқылы алты ай ішінде, яғни 2018 жылдың 24 желтоқсанынан 2019 жылдың 24 маусымына дейін жасалады. Бұл үшін «Qazaq Bankiнің» жеке тұлғалары мен жеке кәсіпкерлері – агент банкінің кез-келген филиалына  хабарласуы керек. Өтінімдерді қарау мерзімі бес жұмыс күнінен аспауы тиіс », – деді Ұлттық банк.

Банк салымшысы екенімді қалай дәлелдеймін?

Өтініш берушінің өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек. Салымшы ЖСН коды арқылы өзінің банк салымшысы екенін дәлелдей алады.

Ақшамды қолма-қол ала аламын ба?

24 желтоқсан күні ВТБ банкінің барлық операциялық залдарында өтініштер қабылданады. Оған дейін агент-банк салымшылардың өтінішін қарауға құқылы емес. Ақшалай қаражаттар қолма-қол ақшамен немесе салымшының жарамды банк шотына аудару арқылы беріледі.

Tags

Осы айдарда

Close