Қазақстанда ең бай адамдардың бірі сотталды

3476
Фото: time.kz

Қазақстандағы 50 ең бай адамдардың тізіміне кірген «Иволга-Холдинг» ЖШС бұрынғы директоры Василий Розинов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот Василй Розиновты ҚР ҚК 195 бабы бойынша кінәлі деп тауып, үкім шығарды. Кәсіпкер жазасын өтеу кезеңінде пробациялық бақылауда болады. Ескертусіз тұрғылықты жерін өзгертуге, көңіл көтеретін орындарға баруға тиым салынған.

Үкім күшіне енген жоқ. Сотталушының үкімге шағымдануына 15 күн уақыты бар.

Бұған дейін Василий Розинов айыппен келіспейтінін айтып, кредит бойынша қарызды форс-мажор деген болатын.

Айта кетейік, Василий Розинов басқарған холдинг ЕАДБ-не 80 млн доллар қарыз болған.

«Иволга-Холдинг» 1992 жылы құрылған. Негізгі бағыты — егін, мал шаруашылығы, қант, тұқым өндірісі, астық өңдеу мен сқатау саласына маманданған. Сондай-ақ компания құрамына медиа активтер, жанармай желісі, құрылыс компаниялары кірген. 2014 жылы Қазақстан мен Ресейлік активтері болған компания әлемдегі ең ірі агрохолдингтердің бірі деп саналды. Оның қарамағында 1,5 млн га жер қоры бар.