Қазақстанда жемқорлыққа қатысты әрбір бесінші қылмыс мемлекеттік сатып алу саласында жасалады

Мемлекеттік
Фото; Esquire.kz

Нұр-Сұлтан. 13 мамыр. 7kun.kz — Сараптау көрсеткендей жемқорлыққа қатысы бар қылмыстық істердің 80% бюджет қаражатын жымқыру мен жалған актлерге қол қою кезінде пара алумен байланысты. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты.

Бұл қылмыстар негізінен құрылыс, денсаулық, білім мен мәдениет саласында жасалады.

Сонымен қатар қаржылық бақылау саласындағы қылмыстар да жиі жасалады. Соңғы 2 жылда ішкі мемлекеттік аудит саласының қызметкерлері жасаған 27 қылмысты әшкерелеген. Олардың көпшілігі мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс қорытындысын қайта қарау үшін пара алған.

Агенттік басшысы орынбасарының айтуынша 2020 жылдан бастап биылғы 1 тоқсанға дейін мемлекеттік сатып алу саласына қатысты 418 қылмыстық іс аяқталды және 162 адам сотталды.