Экономика
Raiffeisen Bank Ресейдегі бизнесін шығын ретінде қарастыруы мүмкін
Австриялық Raiffeisen Bank International Ресейдегі өз бизнесінің 148 млн еуро тұратын құнын шығын ретінде шығарып тастауы мүмкін.
Банк таратқан хабарламаға сәйкес, "Райффайзенбанк" ЖАҚ материалды емес активі (бренд пен клиент базасының құны) қайта бағалануы ықтимал. Девальвация мен рубль бағасының тұрақсыздығы, сондай-ақ ресейлік экономиканың болашағына жүргізілген болжам бұған себепші екен.
5 қаңтар күні жүрген Вена биржасында Raiffeisen Bank International акциялары 6,4%-ға, яғни 11,85 еуроға дейін түсіп кетті. Ал 2014 жылдың қыркүйегінде Raiffeisen Bank 2005 жылы биржаға шыққан сәттен бастап Банк тұңғыш рет жыл қорытындысы бойынша табыссыз қалатыны туралы мәлімдеген-ді.
Дереккөз:
Banki.ru