Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің өсуі 4,4%-ды құрады

2015 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің өсуі 4,4%-ды құрады

2015 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің өсуі 4,4%-ды құрады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, аталған өсу өндіріс көлемінің, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің 5,6%-ға, мал шаруашылығының 3,2%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
«Бастапқы салмақта 27 млн тонна астық алынды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 3,4 млн тоннаға көп. Экспорттық әлеует 7,5 млн тоннаны құрады», - деп түсіндірді ол.
Бұдан өзге, министр айтып өткендей, өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың уақытылы қабылданған нақты шаралары өндірістің айтарлықтай төмендеуіне жол берген жоқ.
«Өңдеуші өнеркәсіп 0,2% деңгейде өсудің оң қарқындарын көрсетті. Мұнда өсу металлургия саласындағы 14,5% деңгейдегі өсудің арқасында қамтамасыз етілді, ал бұл түсті металлургия өнімін өндірудің 23,6%-ға артуына негізделген. Сондай-ақ, қара металлургияда өсу 0,2%-ды құрады», - деп мәлімдеді ол.
Фото: foodsecurity.ru

Похожие материалы