Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы бюджет қаржысының 16 млрд теңгесі игерілмеген

2015 жылы бюджет қаржысының 16 млрд теңгесі игерілмеген

2015 жылы Қазақстанда бюджет қаржысының 16 млрд теңгесі игерілмеген. Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісінің пленарлы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсова мәлімеді.

«2016 жылдың 16 сәуірінде ҚР Үкіметі Прламент мәжілісіне 2015 жылғы республикалық бюджет жөніндегі есепті тапсырды. Сондай-ақ, республикалық бюджеттің игерілуін бақылау жөніндегі есеп комитеті 2015 жылғы есепті ұсынды. Республикалық бюджеттің 99,8%-ы жүзеге асырылып, 16 млрд теңгесі игерілмеген", - деді ол.

Оның сөзінше, 26 бюджеттік бағдарламаның әкімшілері бюджет қаржысының 50%-ын қолданбаған.

"Қаржы және бюджет комитеті барлық есепті қарап, 2016 жылдың 22 маусымна дейін қорытындысын дайындайды", - деп түйіндеді Қарағұсова.

Похожие материалы