Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылғы зейнетақы жинақтарының сомасы 6,09 трлн теңгені құрады

2016 жылғы зейнетақы жинақтарының сомасы 6,09 трлн теңгені құрады

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – 2016 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,09 трлн теңге болды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық зейнетақы жарналары бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн бірліктен, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша – шамамен 9,7 млн бірліктен асты. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 398 472 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 835 бірлік болды.

2016 жылдың басынан бастап алынған және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс 127,37 млрд теңге болды. Мемлекет БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес, төлемге құқық алған кездегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшері бойынша кепілдік береді.

БЖЗҚ-дан жасалған төлемдер мен аударымдар сомасы 2016 жылғы төрт ай ішінде 73,23 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар сомасы 6,74 млрд тенгені құрады.

Похожие материалы